ШҚО: 658-ші шақырымдағы тұрғын үйде өрт кезінде газ баллоны жарылды, зардап шеккендер бар

ӨСКЕМЕН. 17 сәуір. ҚазАқпарат - «652-ші шақырым» елдімекенінде төрт пәтерлі үйдегі үш бөлмелі баспана өртке оранып, дәлізде тұрған газ баллоны жарылды.
None
None

Екі адам ауыр зардап шекті.

48 жастағы ер адам бастың, мойынның, кеуденің, аяқ-қолдың, жоғарғы тыныс жолдарының терең дәрежелі күйік жарақаттарын алды. Оның денесінің 40 пайыздан астамы күйікке шалдыққан.

Зардап шеккен 24 жастағы әйел ауыр дәрежеде ысты газға уланған. Олардың екеуі де Семей қаласының жансақтау бөліміне жеткізілді.

ТЖД мамандарының айтуынша, өрт туралы хабар «101» қызметіне үйдің тұрғындарынан түсті. Құтқарушылар келгенше (ең жақын өрт сөндіру бөліміне дейін 14 шақырым) көршілер зардап шеккендерді таза ауаға шығарған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде үйдің барлық ағаш құрылыстары жалындап жатты. Отты ауыздықтаумен 10 маман айналысты. Бүгінде тергеу жұмыстары қолға алынып, келтірілген шығын мен кінәлілер анықталу үстінде.

ШҚО ТЖД мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері өңірде 28 адам қызыл жалынның құрбаны болды.

Соңғы жаңалықтар