ШҚО әкімдігі мен ForteBank стратегиялық ынтымақтастықты тереңдетуге уағдаласты

Облыс әкімі еліміздегі ірі банктің өкілімен өңірді одан әрі дамыту жоспарын талқылады. Кездесуге қатысушылар өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Банк өкілімен кездесуде Д. Ахметов өңірге жеке тұрғын үй құрылысын қаржыландыру бағдарламасының қажеттілігін атап өтті. Сондай-ақ ол осы бағытта Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесіп жаңа бастамаларды қолға алып жатқан ForteBank-ның лайықты серіктес бола алатындығына сенім білдірді.
Екі жақты келісімге қол қойылғаннан кейін Өскемен қаласында банк филиалы салтанатты түрде ашылды.
«Бүгінде банктің өтімділік деңгейі төменгі шектен 7 есеге жоғары. Банкке әрбір заңды тұлғадан бастап қарапайым азаматтарға дейін сенім артады. Капиталдың жеткілікті болуы бойынша ең төменгі норматив төрт есеге жоғары. Бір сөзбен айтқанда, банктің жұмысы тиімді жолға қойылған, мен сіздерді құттықтаймын», - деді әкім салтанатты ашылу рәсіміндегі сөзінде.
Өз кезегінде сөз алған Мағжан Әуезов Өскемен қаласында жаңа заманауи филиалды ашылуын маңызды шараға теңеді.
Айта кетейік, ШҚО-да аталған банктің қызметін 83 мыңнан астам қала тұрғыны мен 6,4 мың компания пайдаланды.