04:31, 12 Шілде 2016 | GMT +5
ШҚО әкімдігінде үштілділікті дамыту мәселелері талқыланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің төрағалығымен кеңейтілген аппарат кеңесі өтті, кеңес барысында ҚР Президентінің «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» жолдауында айтылған инвестиция тарту мен 2016-2019 оқу жылдарына арналған үштілділікті дамыту салаларын жүзеге асыру мәселелері қаралды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқарма басшысының орынбасары Жарқын Мұсағалиев облыстағы инвестициялық ахуал мен инвестиция тарту бойынша баяндама жасады.
Білім беру басқармасының басшысы Айжан Садықова 2016-2019 оқу жылдарына арналған үштілділікті дамытудың кешенді бағдарламасының жүзеге асырылуы жайлы айтып өтті.
Қаралған мәселелер бойынша облыс әкімі нақты тапсырмалар берді.