ШҚО әкімі іс басқармасының гараж басшысы сотта жауап берді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қалалық №2 сотында қызметтік бабын пайдаланып, 15 млн теңгенің жанарамайын қолды еткен әкімдік қызметкеріне қатысты сот отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Б. есімді азамат Шығыс Қазақстан облысы әкімінің іс басқармасында гараж басшысы болып қызмет істеген уақытта диспетчерге АИ-93 және АИ-95 маркалы бензиннің талондарын беру туралы бұйрық берген. Іссапарға деп алынған бензинді ол өз кәдесіне жаратып, қол астындағы жүргізушілерге жанармайдың мақсатқа сай жұмсалғанын растап, қол қойғызып алған. Оның бұл заңсыз әрекеті 2016 жылдың тамызынан 2017 жылдың тамызына дейін жалғасқан. Көрсетілген уақыт ішінде 14 877 759 млн теңгенің 106 490 литр жанармайы қолды болған.

Іс насырға шапқа кезде гараж басшысы жұмысқа себепсіз шықпай қояды. Осы әрекеті үшін онымен жасалға еңбек келісімшарты бұзылды.

Сот оны  5 жыл бас бостандығынан айырып, 10 жылға дейін басшылық қызметтен шектеу туралы жазаға кесті. Сондай-ақ, әкімдікке келтірілген материалдық шығын  өндірілді.

Соңғы жаңалықтар