ШҚО әкімі Катонқарағай ауданында болып, туристік нысандарды аралады
Облыс әкімі Даниал Ахметовтың Катонқарағай ауданына жасаған жұмыс сапары Шығыс Қазақстан облысындағы археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту Жоспары аясында археологиялық қазба жұмыстарымен танысудан басталды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
№ 2 қорғанды аралағаннан кейін аймақ басшысы «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығында археологтармен кеңес өткізді.
Одан кейін Даниал Кенжетайұлы Өскемен - Рахман қайнарлары жолдарының жөндеу жұмыстарымен танысты.
Сонымен қатар облыс әкімі Катонқарағай ауылындағы аудан аралық ауруханаға барып, Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркімен және «Сарымсақты» туристік маршрутімен танысты.
Жұмыс сапары соңында аймақ басшысы орта мектепте болып, Үлкен Нарын ауылындағы орталық қазандық жұмысын бақылап қайтты.