ШҚО әкімінің ТКШ және құрылыс мәселелері бойынша орынбасары тағайындалды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін ШҚО әкімі Даниал Ахметов ТКШ және құрылыс мәселелеріне жетекшілік ететін жаңа орынбасарымен таныстырды. Ол бұрын «ҚазАвтоЖол» АҚ ШҚО бойынша филиалының директоры болған Серік Ақтанов, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Серік Ақтанов 1960 жылы 1 тамызда туды. 1983 жылы «Автомобиль жолдары», инженер-құрылысшы мамандығы бойынша Өскемен құрылыс-жол институтын тәмамдады. Техникалық ғылымдар кандидаты. Еңбек жолын Зайсан қаласы №553 жол-пайдалану учаскесінің шебері болып бастады.

1984-1987 жылдары Өскемен құрылыс-жол институтының Алматы жалпы техникалық факультетінің «Автомобиль жолдары» кафедрасының ассистенті, тағылымдамадан өтушісі болды. 1987-1990 жылдары Мәскеу автомобиль-жол институтында аспирантурада оқыды. Бұдан кейін Өскемен құрылыс-жол институтының «Автомобиль жолдары, көпірлер мен тоннелдер» кафедрасының ассистенті болды.

1992-1999 жылдары жеке компанияларды басқарды. 1999-2014 жылдары «Казахавтодор» РМК жүйесінде еңбек етті: ШҚО және Атырау облыстарында өңірлік филиалдарды басқарды. Кәсіпорын бас директорының орынбасары, бас директоры болған.

Соңғы жаңалықтар