ШҚО әкімі Риддердегі жылу орталығындағы жағдайды түсіндірді

Ермек Көшербаев
Фото: Primeminister.kz

АСТАНА. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Риддер қаласындағы жылу электр орталығындағы жағдайға қатысты түсінік берді.

«Риддерде жұмыс атқарылып жатыр. Жылу электр орталығын бекітілген мерзімде жөндеп, іске қосамыз», - деді Е. Көшербаев Парламент палаталарының бірлескен отырысының алдында тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, қалада жылу беру маусымы қыркүйек айының екінші жартысында басталады.

«Жалпы, Шығыс Қазақстан облысы аумағында күзгі салқын ерте келетіні белгілі. Сондықтан бірқатар қалада жылу беру маусымы ертерек басталуы мүмкін. Риддерде жылу беру кезеңінде проблема болмайды деп айта аламыз», - деді өңір әкімі.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстары қыркүйектің ортасында аяқталып, үйлерге ыстық су қосылатынын жазған едік.

Еске салсақ, Риддердегі жылу электр орталығы «Өскемен жылу желілері» акционерлік қоғамының құрамына қосылды. 

 

Соңғы жаңалықтар
telegram