ШҚО, Алматы облысы және Алматы қаласы маңындағы тау өзендерінің деңгейі көтерілуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1-2 мамырда ШҚО, Алматы облысы және Алматы қаласы маңындағы тау өзендерінің деңгейі көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО, Алматы облысы және Алматы қаласы маңындағы тау өзендерінің деңгейі көтерілуі мүмкін

«1-2 мамыр аралығында жаңбыр, кей жерлерде қатты нөсер күтілуіне байланысты Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары және Алматы қаласы маңындағы таулы аудандарда беткей ағыстары күшейіп және өзендерде су деңгейі көтерілуі ықтимал», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жылымықтын әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыз болуына және жауын-шашынға байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында (2 500 метр биіктен жоғары) 1 - 4 мамыр аралығында қар көшкіні қаупі сақталады.
«Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар», делінген хабарламада.