ШҚО аумағындағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сағат 19:00-ден бастап Шығыс Қазақстан аумағындағы бірнеше автожол учаскелерінде жолаушы тасымалдайтын және дизельдік отынмен жүретін көліктердің қозғалысына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО аумағындағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді

«Ауа райына байланысты сағат 19:00-ден таңғы 7:00-ге дейін «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» атвожолының «Глубокое-Шемонаиха-РФ шекарасы» учаскесінде, «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» автожолының «Белоусовка-Риддер» учаскесінде жолаушы тасымалдайтын және дизель отынымен жүретін көліктердің қозғалысына шектеу енгізіледі», - делінген «QazAvtoJol» баспасөз қызметінің мәліметінде.

Сонымен қатар, ертең таңертеңге дейін «Өскемен-Алтай-Қатонқарағай-Рахман қайнарлары» автожолының «Ушановкое-Алтай» учаскесінде де дизель отынымен жүретін көліктердің жолға шығуына уақытша тыйым салынды.