ШҚО аумағындағы жолдардың бірінде қар көшкіні болды

АСТАНА. 28 наурыз. ҚазАқпарат - Кеше Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы жолдардың бірінде қар көшкіні болды.

ШҚО аумағындағы жолдардың бірінде қар көшкіні болды

Бұл жайында «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметі хабарлады.

27 наурызда сағат 15:00-16:00 аралығында «Өскемен-Зырян-Қатон Қарағай-Рахман қайнарлары» автомобиль жолының 63-64-ші шақырымында қар көшкіні болды. Таратылған мәліметтерге қарағанда, қардың көлемі 100-120 текше метрді құрады. Аталған жол аралығы «Қазақавтожол» РМК-ның ШҚО бойынша филиалына қарасты. Қар көшкінінен кейін жолды тазалауға 3 сағат уақыт жұмсалды. Жолды тазалау кезінде республикалық маңызы бар автожолда жол қозғалысына шектеу қойылмады.