ШҚО ауылдарында ағылшын тілін тегін оқытатын курстар ашылып жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясының үштілділікке көшу жобасы аясында Шығыс Қазақстанның ауыл мектептерінде ағылшын тілін оқыту курстары ашылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінге дейін 4 ауыл клубында шет тілін оқыту курсы ашылған. Тегін курсқа ауылдықтар қазірдің өзінде үлкен қызығушылық танытып жатыр. Мысалы, Риддер қаласына қарасты Бутаков ауылының тұрғындары «Talk now» курсына қатысу үшін әр аптаның сәрсенбісінде мектепке жиналуды әдетке айналдырған. Оларға ағылшын тілін білетін еріктілер дәріс бермек. Еріктілер тобының жетекшісі - ағылшын тілінің оқытушысы Анна Чернова. 

«Мұнда тіл үйрену тегін. Сондықтан, еңкейген қарт пен еңбектеген балаға да есігіміз ашық. Ниет білдірген 10 баламен жұмыс істеп жатырмыз. Олардың қатарына ересектер де қосылады деп ойлаймыз» - дейді Анна Чернова.

null Дәл осындай клуб Зырян ауданында Тіл оқыту орталығы жанынан ашылды. «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ирина Лыкованың айтуынша, бүгінде клубқа келушілер 4 топқа бөлініп тіл үйренуде. 

«Курсқа жасы 11-ден асқан оқушылар мен ересектер қабылданады. Ал оқыту аптасына бір рет жүргізіледі» - дейді партия өкілі.
Үржар ауданында мұндай орталық жуықта ашылмақ. Мұнда сабақ аптасына 2 рет өтеді деп күтілуде. 

«Бұл ауданға жақын күндері «Жас Отан» жастар қанатының еріктілері «English for jastar» жобасы аясында аттанбақшы. Олар үш ай бойы тұрғындарға ағылшын тілін тегін үйретеді» - дейді «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының баспасөз хатшысы Айгүл Базарова. 
Жыл соңына дейін басқа 12 ауданда дәл осындай тіл үйрену клубтарын ашу жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар
telegram