ШҚО автожолында көліктердің соқтығысуынан бес адам қаза болды

АСТАНА. 1 сәуір. ҚазАқпарат - Жексенбі күні сағат 16.00 шамасында Шығыс Қазақстан облысында Алматы-Өскемен күре жолының 918-інші шақырымында екі «Тойота» көлігі соқтығысты, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нан.

ШҚО автожолында көліктердің соқтығысуынан бес адам қаза болды

Жол апаты салдарынан 37 және 28 жастағы екі жүргізуші мен 66, 55 және 41 жастағы үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды; тағы төрт адам, соның ішінде 10 жасар бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасының орнына «Шығыс өңірлік аэромобильді шұғыл-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі (4 адам мен 1 техника) мен ШҚО Жарма ауданының төтенше жағдайлар бөлімі (1 адам мен 1 техника) шықты.