ШҚО әйелдер түрмесінде Наурыз мейрамында аналар мен балалар қауышты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы ОВ-156/21 мекемесінде Наурыз мейрамы ерекше атап өтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Наурыз мейрамы қарсанында ОВ-156/21 мекемесінде «Ашық есік» күні өтті.

Бүгінде әйелдер колониясында 200-ге жуық адам жазасын өтеп жатыр.

Бұл күні сотталғандарға ата-аналарымен және балаларымен көрісуге, еркін сөйлесуге рұқсат етілді.

Келушілер үшін мекеме әкімшілігі концерт пен экскурсия ұйымдастырды.

«Сотталғандардың туыстары мекеменің аумағына кіріп, темір тордың ар жағындағы өмірмен және де бос уақыттарында айналысатын жұмыстарымен танысты. Наурыз мейрамына орай сотталған әйелдерге күнделікті сұр киімдерін шешіп, мерекелік, сәнді ұлттық көйлектер киюге рұқсат берілді. Сотталғандар концерттік бағдарлама ұйымдастырып, ән айтып, би биледі», - делінген ақпаратта.

Мерекелік шараның жалғасы далада құрылған киіз үйде жалғасты.

Әйелдер де арқан тартудан сайысқа түсті. Киіз үйде мол дастарқан жайылып, әз-Наурыздың басты тағамы – наурыз көже мен ыстық бауырсақ ұсынылды.

Қонақтар дастарханнан бөлек, үлкен мерекелік концерт, қолданбалы өнер көрмелері мен байқауларды тамашалап, ұлттық ойындар ойнады.

Жалпы Ашық есік күнінде түзету мекемесіне 50-ге жуық сотталғанның туыстары мен жақындары келді.


Соңғы жаңалықтар