ШҚО бірнеше ауданында екінші ауысымдағы оқушылар онлайн оқиды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы бірнеше ауданда екінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, облыстағы кейбір қала, ауданда екінші ауысымдағы оқушылар аязға байланысты үйден білім алады.

«Атап айтқанда Алтай, Глубокое, Самар, Катонқарағай, Күршім аудандарында 1-11 сынып, Риддер қаласында 1-ден 9-ға дейінгі, Өскеменде 1-4 сынып оқушылары қашықтан білім алады. Ал Тарбағатай ауданы бойынша балалар 28 мектепте онлайн, 1 мектепте штаттық режимде оқиды», - делінген ақпаратта.

Еске салсақ, бүгін таңертең Өскеменде мектеп оқушылары қашықтан оқығаны хабарланған болатын.


Ашық көздерден алынған фото

Соңғы жаңалықтар