ШҚО бірнеше ауылында халық тұтынатын ауызсудың талапқа сай келмейтіні анықталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы бірнеше ауылда халық тұтынатын ауызсудың талапқа сәйкес келмейтіні анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО бірнеше ауылында халық тұтынатын ауызсудың талапқа сай келмейтіні анықталды

ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері мамандар өңірдің түкпір-түкпірінен 216 ауызсу сынамасын алған.

«Соның нәтижесінде кейбір ауылдардағы ауызсудың сапасыздығы анықталып отыр. Өскемен іргесіндегі Шығыс және Самсоновка ауылдарында, Шемонаиха ауданындағы Кандыковка, Крюковка және Ново-Ильинка ауылындағы су желілерінен алынған сынамадағы судың микробиологиялық көрсеткіштері талапқа сәйкес келмейтін болып шықты», - делінген ақпаратта.

Сынамалардың талапқа сай келмеуіне қар еру кезеңіндегі жерасты суының көтерілуі және қарғын судың құдықтарға толуы себеп болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта құзырлы мекемелер профилактикалық шараларды қолға алды.

Атап айтқанда, желілер дезинфекцияланып, жуылып тазаланып жатыр.