ШҚО-да 10 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

ШҚО ПД
Фото: ШҚО ПД

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында 10 күн бұрын жоғалып кеткен 7 жасар баланың денесі өзеннен табылды.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 7 жасар ұл 23 шілде күні сағат 09.00 шамасында үйінен серуендеуге шығып, сол күйі қайтып оралмаған. Полицейлер, құтқарушылар, әскери қызметкерлер мен еріктілер іздестіру жұмыстарына шұғыл кіріскен. 

ШҚО ПД
Фото: ШҚО ПД

Куәгерлер баланың «Самал» саябағының жағажайына шомылу үшін келгенін көргенін жеткізді. Баланың киімдері мен аяқ киімдері жағадан табылған. Содан соң барлығы 100-ге жуық адам баланы жағалау бойымен және қайықпен іздеуге көшті. 

ШҚО ПД
Фото: ШҚО ПД

«2 тамызда Шемонаиха ауданы Барашки ауылының маңындағы Ертіс өзенінен жоғалған баланың денесі көзге көрінбейтін дене жарақатынсыз табылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Соңғы жаңалықтар
telegram referendum