ШҚО-да 100 ауылды абаттандыруға 1 млрд теңге бөлінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов әкімдік отырысында ауылдық елді мекендерді абаттандыру жұмыстарын қолға алуды тапсырды, деп хабарлайды Аltaynews.
«Аудан әкімдері 1 млрд теңге бөлінген 100 ауылды абаттандыру бағдарламасының жоспарын бір айда әзірлесін. 100 ауыл - бұл үлкен сан. 100 ауыл төртінші деңгейлі бюджетке ие. Не жасалатыны көрсетілетін нақты бағдарлама дайындап, бақылау мен көмекті қамтамасыз етулеріңізді сұраймын», - деді Даниал Ахметов.