ШҚО-да 100 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын салдырды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 100 117 адам Pfizer вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша COVID-19 инфекциясына қарсы америкалық Pfizer вакцинасын салдыру науқаны жалғасуда.
«Бүгінгі таңда Pfizer вакцинасын алатындар санатындағы халықты иммундау жұмыстары қарқынды жүруде. Аймақ бойынша 12-18 жас аралығындағы 91 мыңнан астам бала екпе алды. Оларды вакциналау тек ата-анасының рұқсатымен жүргізілуде. Сондай-ақ 2100 жүкті және 6500-ден астам бала емізетін әйел екпе салдырған», - делінген ақпаратта.
Естеріңізге сала кетсек , осыған дейін ШҚО-да биыл скринингтік зерттеуден 5 мыңнан астам адам өткені хабарланған болатын.