ШҚО-да 16 жастағы қыз суға батып кетті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында 16 жастағы қыз суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО-да 16 жастағы қыз суға батып кетті

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 22 шілде күні 16 жастағы қыз Бұқтырма өзеніне батып кеткен.

- Бұқтырманың суы суық, қатты ағынды. Десе де бойжеткен соған қарамастан шомылған. Міне, осының соңы қайғылы жағдайға әкеп соқты, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, департамент мамандары өңір жұртшылығын су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, жабдықталмаған жерлерде шомылмауға шақырады.