ШҚО-да 2,2 мыңға жуық жүкті әйел вакцинаның екі компонентін салдырды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 2200-ге жуық жүкті әйел вакцинаның екі компонентін салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде COVID-19 инфекциясына қарсы америкалық Pfizer вакцинасын салдыру науқаны жалғасуда.

«Аймақ бойынша аталған екпенің екінші компонентін 98 360 адам салдырды. Оның ішінде 12-18 жас аралығындағы 88 630 бала бар. Оларды вакциналау тек ата-анасының рұқсатымен жүргізілуде. Сондай-ақ 2198 жүкті және 7532 бала емізетін әйел екпе алды», - делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, облыста 50 жастан асқан қарттар мен медицина қызметкерлері Pfizer екпесімен ревакцинациядан өтуде. Қазір осы санаттағы 24 мыңға жуық адам үшінші рет вакцина алып отыр.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, жалпы Шығыс Қазақстанда 475 464 адам коронавирусқа қарсы ревакцинациядан өткен.


Соңғы жаңалықтар