ШҚО-да 2 адам түрмеге тыйым салынған заттарды кіргізбек болды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында түрмеге тыйым салынған заттарды кіргізбек болған екі адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскемендегі ОВ 156/3 колониясына тыйым салынған заттарды кіргізбек болған екі адам ұсталды.
Бірнеше рет сотты болып, бостандыққа шыкқан азамат темір тордың арғы жағындағы достары үшін көптеген ұялы телефон мен аксесуарларды кіргізбек болған. Ол тыйым салынған заттарды мекеме аумағына лақтырып жатқан жерінен қолға түсті.
Ал жас қыз түрмедегі күйеуіне ақша беруге әрекеттенді. Алайда оның бұл ойы іске аспай қалды.
«Түзету мекемесіне тыйым салынған заттарды кіргізудің алдын алу мақсатындағы жұмыстар үздіксіз жүргізілуде. Заңбұзушылардың барлық амал-тәсілдері анықталып жатыр. Колония қызметкерлері мен Ұлттық ұланның жауынгерлері әрдайым қырағылықты жоғалпайды», - деді ШҚО бойынша ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Қанат Зиянов.