ШҚО-да 20 тонна астық салынған элеватор отқа оранды

Өрт
Фото: ТЖД

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында 20 тонна астық салынған элеватор өртенді. 

Өрт 8 наурызда Глубокое ауданы Предгорное ауылында шыққан. Элеватордың кептіргіші отқа оранды. Кептіргіште шамамен 20 тонна астық болған.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің алдын ала дерегінше, өрттің жалпы ауданы 250 шаршы метрді құрады.

«Қазіргі уақытта қызыл жалынмен күрес жалғасуда. Сол жерге департаменттен барлығы 32 адам және 9 техника, «Васкен» ЖШС-ның 6 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ қосымша көмек ретінде өрт сөндіру пойызы да жолға шықты», - делінген ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар