ШҚО-да 25 құтқарушы Қатонқарағайдың су басу қаупі бар аумағына жөнелтілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Қатонқарағай және Бесқарағай аудандарының аймақтарына ерекше мән берілуде. Аумақтағы ахуалды ШӨАЖҚЖ (Шығыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы) құтқару құрылымдары мен ШҚО ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары қызметінің» 25 қызметкері бақылауда, деп хабарлайды облыстық департамент.

ШҚО-да 25 құтқарушы Қатонқарағайдың су басу қаупі бар аумағына жөнелтілді

Өскемен қаласының тағы бір құтқарушылар тобы ертең Зырянов ауданына жөнелтіледі. 

Аймақтағы жағдай бақылауға алынды. Әзірге аймақта құтқарушылар оқиға орнына барып мотосорғы арқылы суды шығаруда. Мұндай жағдай бірлі-жарым рет қана тіркелді. Дегенмен тұрғындар ауладағы қарды шығарып, арықтарды қоқыстан тазартқан жағдайда осындай оқиға болмас та еді.  
Өңірде су басудың алдын алу шаралары уақытында атқарыла бастады.  
ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыста 35 учаскеде су басу қаупі бар. Ғарыштан қардың еруі бақылануда, тоған мен бөгеттердің жағдайын назарда    ұстау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.