ШҚО-да 3 градусқа дейін күн суытады - Қазгидромет

ТАНА. 7 қыркүйек. ҚазАқпарат - Республиканың батыс жағында бүгін циклон және онымен байланысты атмосфералық ағындар қалыптасады, бірқатар жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, күшті жел тұрады, қалған аймақта жауын-шашын болмайды,

ШҚО-да 3 градусқа дейін күн суытады - Қазгидромет

деп хабарлады ҚР ТЖМ Қазгидрометке сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында, күндіз Ақтөбе облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда және Атырау облыстарында секундына 15-20 метр күшті жел тұрып, дауыл көтеріледі

Түнде Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында 0-ден 3 градусқа дейін күн суытады, күндіз кейбір жерлерде 15-20 метрлік екпінде жел соғады.

Солтүсік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі. Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Таяудағы тәуліктерде Қазақстанның өзендерінде елеулі өзгерістер болмайды.