ШҚО-да 3 жасар бала суға батып кетті

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Бүгін Шығыс Қазақстан облысында 3 жасар бала өзенге батып кетті. 

ШҚО
Фото: Kazinform

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 2-маусым күні Ұлан ауданында болған. 

– Жанұзақ ауылындағы Ұлан өзенінде 3 жасар бала суға батып кетті. Алдын ала болжам бойынша бала ата-анасының қарауынсыз қалған, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, облыстық ТЖД мамандары ата-аналардан жағалауда, суда балаларын қараусыз қалдырмауды, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды. 

– Су айдындарында балалардың ойнауына жол бермеу керек. Төтенше жағдай кезінде бірден 112 нөмеріне хабарласыңыздар, - делінген ақпаратта.

Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысында алдағы шомылу маусымында 74 учаскеде суға түсуге тыйым салынғаны хабарланған.