ШҚО-да 30 келі балықты заңсыз тасымалдаған ер адам жауапқа тартылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының тұрғыны 30 келі балықты құжатсыз тасымалдаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, республикалық маңызы бар «Алматы-Өскемен» тасжолын патрульдеп жүрген тәртіп сақшылары 914 шақырымда ВАЗ автокөлігін тоқтатқан. Көлік тізгінінде Көкпекті ауданының 54 жастағы тұрғыны болды.

«Тексеру кезінде жүксалғыштан 1 қап ақтабан, көксерке, мөңке балықтары табылды. Ер адамда жалпы салмағы 30 келіге жететін балыққа тиісті рұқсат қағаздары болмаған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Аудан тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 1-бөлігіне (балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзу) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылған.


Соңғы жаңалықтар