ШҚО-да 300-ге жуық адам қызылша жұқтырды
Шығыс Қазақстан облысында 300-ге жуық адам қызылша жұқтырған, деп хабарлайды Kazinform.
ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда өңір бойынша 278 адам қызылша жұқтырған. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі бала саны – 191. Бұл науқастардың жалпы санының 68,7 пайызы.
«Науқастардың 61%-ы екпе алмаған және вакцинация туралы мәліметтері жоқ адамдар. Жүргізілген эпидемиологиялық тексеру нәтижесінде қызылша жұқтырғандардың 13,9%-ы Алматы, Атырау қалаларында және Түркия, Тәжікстан елдерінен келгені анықталды. Қараша айынан бастап қызылшаға қарсы жаппай иммундау жүргізілуде», - дейді департамент басшысы Қанат Тұрдиев.
Оның айтуынша, осы уақытқа дейін 6-11 айлық 2815 балаға, 2-4 жастағы 13 779 балаға екпе салынды.