ШҚО-да 36 мыңға жуық адамға вакцина салынбайды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 36 мыңға жуық адамда вакцинаға қарсы медициналық көрсетілімдері бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті және бала емізіп жүрген әйелдерге, екпе компоненттерін көтере алмайтындарға, созылмалы және инфекциялық ауруларға душар болғандарға вакцина салдыруға болмайды.

«Бүгінгі таңда өңір бойынша осындай санаттағылардың саны 36,5 мың адамды құрап отыр. Оның ішінде 22 мың азаматта екпеге қарсы көрсетілімдері тұрақты болса, 14,4 мың адамда уақытша. Онкологиялық ауруларға шалдыққан 1570 және иммундық тапшылық ауруы бар 244 науқас екпеден босатылған. Ал 693 адамда ауыр аллергиялық реакция болды», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ облыстағы жүкті және бала емізіп жүрген 15 мыңнан астам әйел екпе алмайтындардың қатарына жатқызылған.


Соңғы жаңалықтар