ШҚО-да 37 жастағы жігіт көлігімен бірге жанып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының Көкбай ауылдық округіне қарасты «Жылысай» учаскесінде 15 га аумақта далалы жер өртенді. Арада бір күн өткеннен кейін өрт тіркелген жерден 1980 жылғы азаматтың денесі табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

ШҚО жұмылдыру дайындығы басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, жергілікті өрт сөндіру бөліміне хабарлама 8 шілде күні сағат 16:36 шамасында келіп түскен. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 15 га аумақта жалындап жатқан алқапты ауыздықтауға кіріскен.

«Арада бір күн өткеннен кейін сағат 14:00 шамасында өртенген аумақтан «Volkswagen Passat» көлігі, ал оның жанынан денесі жанып кеткен 1980 жылғы азаматтың мүрдесі табылды», - деп хабарлады ведомстводан.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен атап өткендей, оттың шығуына қауіпсіздік ережелерін сақтамау немесе өртке қауіпті жоғары агрегатпен абайсыз жұмыс атқару себеп болуы мүмкін. Тілсіз жау қазіргі уақытта толық ауыздықталды. 

Аян Бекенұлы

Соңғы жаңалықтар