ШҚО-да 4 адам мінген көлік мұздың астына түсіп кетті
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Зырян ауданының Кремнюха ауылының маңында төрт балықшы мінген автомобиль мұз астына түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Төрт ер адамның бірі - 43 жастағы азамат батып бара жатқан машинадан шыға алмаған.
«Шығыс өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағының мамандары оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Учаскені тексергеннен кейін автомобиль мен балықшының денесін шығарып алу мүмкін немесе мүмкін емес екендігі белгілі болады», - дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімшесінің қызметкерлері.
ТЖ қызметтері балықшыларды су бассейндеріне барудан сақтануға шақырады.