ШҚО-да 40 қорап тірі шаянды Ресейге тасымалдамақ болған адам ұсталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 40 қорап тірі шаянды Ресейге заңсыз тасымалдамақ болған адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО-да 40 қорап тірі шаянды Ресейге тасымалдамақ болған адам ұсталды

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Өскемен-Самар» тасжолының 62 шақырымында патрульдік полиция қызметкерлері «Газель» автокөлігін тоқтатқан. Оны Өскемен қаласының 39 жастағы тұрғыны тізгіндеп келе жатқан.

«Тексеру барысында тәртіп сақшылары көліктен тиісті құжаттары жоқ тірі шаяндар жатқан 40 қорапты тапты. Жүргізуші оны Үшарал ауылынан Ресей Федерациясының Барнаул қаласына тасымалдамақ болған», - делінген ақпаратта.

Ер адам Ұлан ауданы Асубұлақ ауылының полиция бөлімшесіне жеткізілді. Процестік шешім қабылдау мақсатында іс ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы бойынша ветеринариялық инспекцияға берілді.