ШҚО-да 476 тұрғын үйді су басу қаупі сейілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 476 тұрғын үйді су басу қаупі сейілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Аймақ басшысы Даниал Ахметов су тасқынына қарсы шаралар жол картасының іске асырылуы бойынша жиналыс өткізді.

«Бүгінде өңір бойынша 108 елді мекенді су басу қаупі бар. Күзде су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстарының бір бөлігін жүргіздік. Қазіргі уақытта Ертіс, Үбе, Бұқтырма және Күршім өзендерінде 15 жарылыс жасалды. Синоптиктердің болжамынша, облыста әлі де қар жауады. Сондықтан жағалауды нығайту, арықтарды, арналарды, су өткізу құрылыстарын тазарту жұмыстары белсенді жүргізілуі шарт», - деді ШҚО әкімі.

Оның айтуынша, Тарбағатай, Катонқарағай және Бесқарағай аудандарындағы кейбір елді мекендерді су басу қаупі туындап отыр. Сондықтан әкімдер қысқа мерзімде атқарылуы тиіс іс-шаралардың толық тізбегін ұсынуы тиіс.

«Қазірдің өзінде атқарылған жұмыстар нәтижесінде, 476 тұрғын үй мен әлеуметтік нысандарды су басудың алдын алуға мүмкіндік берілді. Барлық қызметтер жұмылдырылып, жеке құрам мен техника әзір тұр», - деді Даниал Ахметов.


Соңғы жаңалықтар