ШҚО-да 5 мемлекеттік пәтер заңсыз жекешелендірілген – прокуратура

квартира
Фото: Pixabay

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы Алтай ауданында 5 мемлекеттік пәтердің заңсыз жекешелендірілгенін анықтады.

ШҚО прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Алтай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміндегі тұрғын үй заңнамасының сақталуына тексеру жүргізілді.

Соның нәтижесінде, атында өз үйі бар және мемлекеттік тұрғын үй алу үшін заңда көзделген мерзімдері келмеген тұлғалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтерлерді заңсыз жекешелендіру фактілері анықталды.

«5 адам 19 млн теңгеден асатын пәтерлерді заңсыз жекешелендірген. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша барлық тұрғын үй мемлекет меншігіне қайтарылды. ТКШ бөлімінің басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Мемлекет меншігіне қайтарылған пәтерлер заңда белгіленген тәртіппен мұқтаж жандарға берілетін болады» делінген ақпаратта. 

Соңғы жаңалықтар