ШҚО-да 5 жыл бойы өз нысандарына кірме жол болмаған кәсіпкерлердің мәселесі шешілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 5 жыл бойы өз нысандарына кірме жол болмаған кәсіпкерлердің мәселесі шешілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің мәліметіне сүйенсек, бір топ кәсіпкер өз нысандарына кірме жол ұйымдастыруға жәрдем көрсету туралы өтініш жолдаған. Анықталғандай, олардың бұл мәселесінің шешілмей келе жатқанына 5 жыл болған.

2019 жылдан бастап кәсіпкерлер уәкілетті органдарға өздерінің коммерциялық нысандарына кірме жол ұйымдастырып беру туралы бірнеше рет жүгінген. Алайда оларға еш көмек көрсетілмеді.

«ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, уәкілетті органдар мен мүдделі тұлғалардың қатысуымен отырыс ұйымдастырды. Нәтижесінде кәсіпкерлердің коммерциялық объектілерге кірме жолдарды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын қанағаттандыру туралы шешім қабылданды», - делінген ақпаратта.

Еске салсақ, бұған дейін ШҚО-да әкімдік қызметкері грант алмақ болған кәсіпкерлерге заңсыз талап қойғаны хабарланған.
фото - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінен


Соңғы жаңалықтар