ШҚО-да 530 мыңға жуық адам ревакцинациядан өтті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 530 мыңға жуық адам ревакцинациядан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде COVID-19 инфекциясына қарсы америкалық Pfizer вакцинасын салдыру науқаны жалғасуда.

«Аймақ бойынша аталған екпенің екінші компонентін 103 255 адам салдырды. Оның ішінде 12-18 жас аралығындағы 92 355 бала бар. Сондай-ақ 2522 жүкті және 8378 бала емізетін әйел екпе алды», - делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, облыста 50 жастан асқан қарттар мен медицина қызметкерлері Pfizer екпесімен ревакцинациядан өтуде. Қазір осы санаттағы 31 290 адам үшінші рет вакцина алып отыр.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, жалпы Шығыс Қазақстанда 529 552 тұрғын коронавирусқа қарсы ревакцинациядан өткен.


Соңғы жаңалықтар