ШҚО-да 7 кәсіпкер түзеу мекемелерінде өз бизнесін ашты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы прокурорының міндетін атқарушы Құсайын Игембаев Жарма ауданында орналасқан жалпы режимдегі 3 түзеу мекемесіне барып, сотталғандардың колонияда қалай еңбек етіп жатқанын тексерді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ШҚО-да 7 кәсіпкер түзеу мекемелерінде өз бизнесін ашты

ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, Бас прокуратураның «Колонияларда жұмыспен қамту - 2017» жобасын жүзеге асыру аясында қадағалау органы және Жарма ауданы КАЖ-ның мекеме әкімшілігінің қолдауымен 7 жеке кәсіпкер түзеу мекемелерінде өз бизнесін ашқан. Түзеу мекемелерінде кірпіш, темірден жасалған бұйымдар, құрылыс арматурасы өндіріліп, шағын ферма жұмыс атқарады. Осының нәтижесінде 250 адам жұмыспен қамтылып, түзеу мекемелерінде жалақы алып отыр.

Бұдан басқа Құсайын Абзалбекұлы колонияда кезекші прокурордың жұмысымен танысып, сотталғандармен қабылдау жүргізген. Қабылдау барысында сотталғандар өз проблемаларымен бөлісіп, қадағалау органы олардың барлық арыздарына жедел ықпал ететініне алғыс білдірді.

Жалпы, ШҚО-да сотталғандармен жұмыс кейінгі жылдары бір жолға қойылып келеді. Екі ай бұрын облыс прокуратурасы үлгілі тәртіп көрсетіп жүрген сотталған адамдарды туыстарымен онлайн-кездесу ұйымдастырған болатын.