ШҚО-да 80 жастағы қарт немересінің көзінше суға ағып кетті
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласының шетіндегі Ахмирово ауылында төрт жасар немересімен бірге Ертіс өзенінің тармағы үстіндегі көпірде өтіп бара жатқан 80 жастағы әже сүрініп кетіп, суға ағып кеткен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Қалалық ТЖ баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағын төрт жасар бүлдіршінді көпірдің үстінен тауып алған куәгерлер шақырған.
Мамандар әйелдің мәйітін оқиға орнынан бірнеше метр қашықтықтан тауып, суда шығарды.