ШҚО-да 88 мыңға жуық бала вакцинаның екі компонентін салдырды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 88 мыңға жуық бала Pfizer вакцинасының екі компонентін салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО-да 88 мыңға жуық бала вакцинаның екі компонентін салдырды

ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша америкалық Pfizer вакцинасының бірінші компонентін 105 182 адам алды.

«Ал екінші компонентін 97 247 тұрғын салдырған. Оның ішінде 87 663 бала, 2 164 жүкті және 7 418 бала емізетін әйел бар. Вакциналанған адамдарда жағымсыз реакциялар тіркелмеген», - делінген ақпаратта.

Эпидемиологтар мен иммунологтардың пікірінше, ревакцинация екінші екпені алған күннен бастап 6 айдан кейін «омикрон» штамынан қорғануға көмектеседі.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, облыста 440 мыңға жуық азамат коронавирусқа қарсы ревакцинациядан өтті. Иммундық жүйені нығайтатын ревакцинация QazVac, VeroCell, Спутник Лайт екпелерімен жүргізілуде.