17:39, 02 Сәуір 2021 | GMT +5
ШҚО-да 9 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина алды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 2 сәуірдегі жағдай бойынша 9075 адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 14 мемлекеттік қызметші, созылмалы ауруы бар 198 адам, 520 мұғалім, құқық қорғау органдарының 572 қызметкері, 124 учаскелік полицей, медициналық, әлеуметтік және жабық балалар мекемелерінің 88 қызметкері алған.
«Ал ревакцинациядан 7329 медицина қызметкері өтті. Сондай-ақ 3 студент, теміржол саласының 1, вахталық әдіспен жұмыс істейтін бір және 223 адамға вакцина егілген», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек , осыған дейін Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің 20-дан астам оқытушысы коронавирусқа қарсы вакцина алғаны хабарланған