ШҚО-да адам ДНҚ бар шұжық жоқ - сарапшы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстандағы сауда сөрелерінде ресейлік мамандар тапқан адам ДНҚ бар шұжықтар жоқ. Осыған қарамастан, облыстық кәсіпорындар Қоғамдық денсаулықты қорғау қызметінен мәскеулік «Мортодель» компаниясының шұжық өнімдерін сатудан алып тастау туралы хабарламаны алуда, деп жазады YK-news.kz.

Еске сала кетейік, РФ азық-түлік, биотехнология және азық-түлік қауіпсіздігін зертттейтін федералдық орталық қызметкерлері «Мортодель» фирмасы өндірген шұжықтардан адамның ДНҚ іздерін тапқан еді.  Ресейлік мамандар ол туралы қазақстандық әріптестеріне айтқан.

«Осы жағдайлардан кейін Қоғамдық денсаулықты қорғау комитеті  «Мортодель» компаниясы  өндірген шұжық өнімдерін  өңірдегі сауда айналымдарынан алып тастау туралы  аумақтық департаменттерге хабарлама жіберді», - деп түсіндірді ШҚО Қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің басшысы Ғазез Сүлейменов.

Оның айтуына қарағанда, облыстағы барлық кәсіпорындар бұл жағдаймен таныс.

«Біз облыс нарығын талдаудан өткіздік және Шығыс Қазақстанда осындай маркалы тағамдық өнім сатылмайтындығын анықтадық. Осыған қарамастан, тиісті мекемелер мен орындарға рессейлік кәсіпорынның өнімдері туралы ақпаратты таратқанды жөн көрдік»,-  дейді Ғ.Сүлейменов.

Соңғы жаңалықтар
telegram