ШҚО-да адам қағып өлтіріп, қашып кеткен жүргізуші іздестірілуде
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 28 шілде күні түнгі сағат 01:30 шамасында Ұлан ауданы Айыртау ауылының маңында болған.
«Әзірге кім екендігі белгісіз көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып сол жерден із суытқан. Соның салдарынан 35 жастағы ер адам сол жерде көз жұмды», - делінген ақпаратта.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігі (Көлiк тізгіндеген адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы салдарынан адам өліміне әкеп соғуы) және 347-бабына (Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Қазіргі уақытта жүргізушінің кім екенін анықтау бойынша қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды.