ШҚО-да ақылды ит есірткі сақтаған адамды ұстады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шемонаиха ауданында «Димон» есімді полиция иті есірткі затын табуға көмек көрсетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Құзырлы ведомствоның хабарлауынша, Димон есімді ит 32 жастағы тұрғыннан есірткі затын табуға көмек көрсеткен.

«Жедел алдын алу шаралары барысында полиция қызметкерлері 67 жастағы зейнеткер айдап бара жатқан шетел көлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде полиция иті автокөлік салонында отырған жолаушыға үріп, онда күдікті заттың бары туралы белгі берген. Әлгі адамды тексеру барысында жолаушыдан қағазға оралған күдікті зат табылды. Зерттеу қорытындысы бойынша ол заттың жалпы салмағы 3 грамм болатын марихуана екені анықталды», - деп хабарлайды ШҚО ІІД баспасөз қызметінен Әсел Нұрғазина.

Жас жігіт айыбын мойындап, есірткіні өзі қолдану үшін сақтап жүргенін айтқан. Оның үстінен ҚР ҚР 296-бабы 2-бөлігі (есірткі затын рұқсатсыз сақтау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған ер адамның бұрын да осыған ұқсас қылмыстық іске тартылғаны анықталып отыр. 

Соңғы жаңалықтар