10:41, 26 Тамыз 2017 | GMT +5
ШҚО-да әлеуметтік желіні дұрыс пайдаланбаған қызметкерлер жазаланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызметкердің әлеуметтік желідегі парақшаларында әдепке сай келмейтін 309 сурет анықталған, деп жазады altaynews.kz сайты.

Облыстағы мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік желілердегі парақшалары қатаң бақылауға алынды.
Жүргізілген мониторинг жұмысының қорытындысы бойынша 126 мемлекеттік қызметкердің әлеуметтік желідегі парақшаларында әдепке сай келмейтін 309 сурет анықталған.
Осыған байланысты тиісті аудан әкімдіктеріне, басқармалар мен департаменттерге хат жолданып, жауап алынған. Нәтижесінде 49 қызметкерге ескерту айтылса, 1 қызметкерге сөгіс және тағы бір қызметкерге қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту жарияланған.