ШҚО-да әлеуметтік желіде ұлтаралық араздықты қоздырған ер адам қамауға алынды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік желіде тікелей эфирде ұлтаралық араздықты қоздыру фактісі тіркелді.

Более 30 нарколабораторий ликвидировано за три месяца в Казахстане
Фото: ҚР ІІМ

Полицияға жергілікті тұрғын арызданып, тікелей эфир кезінде ұлттық негізде балағат сөздер айтып, қорлайтын пікірлер білдірген TikTok пайдаланушысына қатысты шара қолдануды сұраған.

- Тергеу барысында 35 жастағы ер адамның бірнеше аккаунт арқылы трансляция жүргізгені және кейіннен олардың бірі жойылғаны анықталды. Тікелей эфирлер басқа пайдаланушылардың қатысуымен «батл» форматында өткен. Сөйлесу кезінде ол болжам бойынша мас күйде түрлі этнос өкілдеріне дөрекі сөздер айтып, қорлайтын және намысқа тиетін мәлімдемелер жасаған, - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінен. 

Бейнематериалдар бойынша психологиялық-филологиялық талдау жүргізіліп, ұлтаралық араздықты қоздыру белгілері бар екені расталды.

- Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген ақпаратта. 

Еске салсақ, осыған дейін ұлтаралық араздық қоздырғандар 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылатындығы хабарланған.

Соңғы жаңалықтар