ШҚО-да алғаш рет керлингтен жарыс өтті
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында алғаш рет керлингтен бірінші облыстық турнир өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Абайдың 175 жылдығы аясында ұйымдастырылып отырғанбұл жарысқа жалпы5 команда қатысты.
«2015 жылы ғана өңірімізде керлинг бөлімі ашылған болатын. Бүгінде бұл спорт түріне қызығушылар көбейіп келеді. Енді міне алғаш рет керлингтен І облыстық турнир ұйымдастырылып отыр. Алдағы уақытта одан сайын дами түсіп, дәстүрлі жарыс ретінде өткізілетініне сенімдімін», – деді ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Денис Рыпаков.

Жарыс қорытындысы бойынша Ұлан ауданының командасы 1-орынға ие болды. Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ 2-орынға тұрақтаса, 3-орынды «Lucky stone» командасы қанағат тұтты.
«Керлинг – мұз айдынында өтетін командалық ойын. Ереже бойынша 2 команда кезекпен тастарды мұз бетінде сызықпен белгіленген нысанға жібереді. Тастың жылдамдығы төмен болған жағдайда, мұзды арнайы жабдықпен үйкелеп, нысанға дейінгі аумаққа жол ашуға болады», - дейді басқарманың баспасөз қызметінің басшысы Елжан Қайырханов.

