ШҚО-да «Алтын Тұрғысын» фестивалінің жеңімпазы анықталады

«Туған жер» бағдарламасын іске асыру аясында өткізілген шара фестивальдің алғашқы президенті, ұйымдастырушысы, жазушы, ақын Александр Егоровқа арналады.
«Алтын Тұрғысын» фестивалі арқасында Кутиха ауылы әнші-ақын, әдебиетші, жыршы, суретші және басқа да шығармашылық адамдары арасында танымал бола бастады. Жаз сайын Тұрғысын өзені жағасына танымал әншілер мен ақындар келіп, жаңа дарындарды анықтайды. Дәстүрлі түрде байқауға суретшілер, ақындар, прозаиктер, фотографтар, видеосюжет, слайд-фильм авторлары, декоротивтік-қолданбалы өнер шеберлері, фольклорлық ұжымдар қатыса алады. Жеңімпаздарды 4 номинация бойынша таңдайды.
Биыл байқауға 2,5 мың адам қатысады. Олар ШҚО-ға Алматы, Өскемен, Санкт-Петербург, Новосібір, Барнауыл, сондай-ақ ШҚО-ның әр аудандарынан келді.
Бүгін гала-концерт өтеді, фестивальдің барлық қонақтары «Алтын Тұрғысын» дипломын алады. Жеңімпаздардың есімі белгілі болады.