ШҚО-да Әсет Найманбаев атындағы дәстүрлі әндер байқауының жеңімпаздары белгілі болды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Әсет Найманбаев атындағы «Інжу-маржан» ІІІ республикалық дәстүрлі әндер байқауы аяқталды. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған байқаудың үздік әншілері анықталды. Байқау қорытындысы бойынша Алматы, Ақтөбе және Үржар ауданының өкілдері 3-ші орынға ие болды. ІІ және І орындарға шығысқазақстандықтар қол жеткізді. Ал бас жүлдеге Ақмола облысының өкілі Асқар Мұқият ие болды.

ШҚО-да Әсет Найманбаев атындағы дәстүрлі әндер байқауының жеңімпаздары белгілі болды

ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар қатысушыларға байқауға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ ол келесі жылы Әсет Найманбаев туғанына 150 жыл болатынын айтты. 

Үржар ауданы әкімшілігінің ұсынысымен Ә. Найманбаев атындағы әдеби-мемориалдық музей меңгерушісі Әбен Тайғынұлына Үржар ауданының құрметті азаматы атағы берілді.  Шара гала-концертке ұласты.

null