ШҚО-да ауа райы күрт құбылады - синоптиктер

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, 6-7 наурыз күндері ШҚО-да қатты жауын-шашын болады,  қар немесе жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ШҚО-да ауа райы күрт құбылады - синоптиктер

Күндіз 6 наурыз күні кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын, тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғып, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с-ге дейін жетеді.

7 наурыз күні тәулік бойы желдің жылдамдығы секундына 30 метрден асуы мүмкін. Сонымен бірге ауа температурасы 3-8 градусқа дейін жылиды.

Қазір Өскеменде қар жауып тұр. Ауа температурасы -3 градус шамасында.