ШҚО-да ауа райына байланысты бірқатар жол жабылды

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстанның автожолдарында қозғалыс шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Қазақавтожолдың» хабарлауынша, қолайсыз ауа райына (қар, боран, жолдың көрінбеуі) байланысты Омск-Майқапшағай» бағыттарында (756-906 шақырымы) Семей қаласы-Қалбатау ауылы учаскесінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.

«Өскемен-Семей» (7-198 шақырымы) бағыттарында, Герасимовка ауылы-Семей қаласы учаскесінде жүк және қоғамдық көліктердің түрлері үшін жол жабылды.

«Өскемен - Шемонайха – РФ шекарасы» (105-123 шақырымы) бағытында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Сағат 01:00-де «Өскемен-алтай-Рахман қайнары» бағыттарында (46-66 шақырымы), Северное ауылы-Серебрян қаласы бұрылысы учаскесінде барлық көлік түрлері үшін жол жабық.

«Алматы-Өскемен» бағыттарында (778-967 шақырымы), Аягөз қаласы-Қалбатау ауылы учаскесінде жүк және қоғамдық көліктердің түрлері үшін қозғалыс шектелді.


Соңғы жаңалықтар