ШҚО-да аударылып қалған ауыр жүк көлігінен 300 литр күкірт қышқылы төгілген

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында аударылып түскен ауыр жүк көлігінен жерге 300 литр күкірт қышқылы төгілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

ШҚО Экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Өскемен-Алтай» тасжолында жыраға құлаған цистернасы бар ауыр жүк көлігінен жерге 300 литр күкірт қышқылы төгілген.

«Департамент қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтау үшін дереу сол жерге келіп жетті. Жердің ластану аумағы мен тереңдігін анықтау үшін топырақтан сынама алынды. Бұл учаскеде жер кеуіп қатып қалған. Оқиға болған маңнан 5 шақырым қашықтықта елді мекендер мен су объектілері жоқ екені анықталды», - делінген ақпаратта.

Жердің одан әрі ластануының алдын алу мақсатында «Казцинк» ЖШС күкірт қышқылын бейтараптандыру үшін шамамен 10 тонна әк жеткізген. Қазіргі уақытта аударылған цистерналы ауыр жүк көлігі мамандандырылған техниканың көмегімен жырадан шығарылды.

Фото - ШҚО Экология департаментінің баспасөз қызметі
Соңғы жаңалықтар
Референдум